Меню сайта


Форма входа


Категории раздела


Друзья сайта


Приветствую Вас, Гость · RSS 11.07.2025, 09:14
Главная » Файлы » Мои файлы

«Шаңырағым — шуағым, ақ жаулығым — тұмарым»
21.04.2011, 10:16
«Шаңырағым — шуағым, ақ жаулығым — тұмарым»
21 Сәуір 2011

Осындай атпен Жарқамыс аулындағы орта мектепте ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мектепішілік келіндер сайысы өтті. Оған мектептегі 4 жас мұғалім қатысты, олар әрі бір-бір шаңырақтың келіні. Сайыстың шартында әрбір келін өзін таныстырып, өмірден түйген тәжірибелерін, бойындағы бар өнерлерін ортаға салды. Ана образын сомдады. «Егер мен ата-ана болсам…» деген бөлімде пікірлерін білдірді. Төрт келіннің ішінен осы мектептің қаржы пәні мұғалімі, тәлімгер Гүлсамал Қали ерекшеленді. Ол – Қ.Жұбанов атындағы университеттің түлегі. Шараның тақырыбына сай 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін жазықсыз жаза тартқан ұстаз әрі жас ана Жансая Сәбитованың бейнесін нанымды әрі кісі жүрек тебірентерліктей етіп шығарды. Оның басынан өткен қиындықтарды, жан күйзелісін, ел тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тіккен күрескерлігін көрсетті. Ал Тұманбай Молдағалиевтің әйел туралы өлеңін жүрекке жеткізе оқыды. Гүлсамал қай мәселеде де алғырлығын, еңбекқорлығын, шеберлігін, ізденімпаздығын байқатып, сайыстың бас жүлдесін иеленді. Оның енесі — он саусағынан өнері тамған шебер, зейнеткер ұстаз Несібелі Қисанқызы. Жалпы шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаздардың ішінде осындай талантты жастардың жүргені қуантады. Сайыстың тәрбиелік мәні мол болды.
Гүлзада ТӨЛЕУОВА,
Жарқамыс орта мектебінің 
мұғалімі.
Байғанин ауданы.
Категория: Мои файлы | Добавил: aqzhaulyq | Теги: архив
Просмотров: 17899 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3
Всего комментариев: 1
1 Smile  
0
Ecoeimons are in dire straits, but I can count on this!

Имя *:
Email *:
Код *:
Конструктор сайтовuCoz