Меню сайта


Форма входа


Категории раздела


Друзья сайта


Приветствую Вас, Гость · RSS 11.07.2025, 07:09
Главная » Файлы » Мои файлы

«Заманына қарай адамы»
01.04.2010, 10:19
Мәдени мұра 
Автор: Б.Альпиярова  
01.04.2010 00:00 
                                                                                             Келіңіз, пікірлесейік

АҚ ЖАУЛЫҚ АРМАН БОЛЫП БАРАДЫ МА?

Үлгісін жаңа заман қалады да,

Әжелер шашын сәндеп тарады ма?

Япыр-ау, қазақ салты қайда сонда,

Ақ жаулық арман болып барады ма?..

«Заманына қарай адамы» деген аталы сөздің бүгінгі өміріміздің, қайшылықты қоғамымыздың айқын бейнесіне айналғаны ақиқат-ау, асылы. Олай ойлауымыздың орынды екенін дәлелдеп те беруге болады. Батысқа еліктеп, еліріп жүрген жастарды, жат қылыққа бой үйреткен жеткіншектерді, жартылай жалаңаш, кіндігін көрсеткен қылықсыз қыздарды, аузын ашса былапыт сөз бұрқ ете қалатын ұнамсыз ұлдарды, бір сөзбен айтқанда, талай көргенсіздерді көріп жүрміз. Көзіміз үйреніп кеткендей ме, қалай? Әйтеуір, «әй!» дейтін әже мен «қой!» дейтін қожа азайды. Қалай азаймасын, құдай-ау, жақсылыққа баулып, ақылын айтатын, жат қылықтарға тыйым салатын ардақты аналарымыздың өздері жастарға үлгі болудың, өнеге үйретудің не екенін ұмытса! Кейбір аяулы аналарымыз кешірсін, көпке топырақ шашудан аулақпын. Дегенмен, алпыстан асқан әжелер «әлі жаспын» деп, шашын қырқып, бет-аузын бояп, бүлініп жүрсе, жетпіске келгендері жау-лық тақпай, желкілдеп жалаңбас жүрсе, ертегі айтып, немересін ақ бе-сікте әлдилеп, ақылшы болудың орнына, той-топырда орынсыз ойнап күлсе, жалғанды жалпағынан басып өмір сүрсе... оларды көріп өскен өркендерге не дейміз?! Желкілдеп жүрген жалаңбас «енелер» келіндеріне: «салтыңды сақта, орамал тақ» деп қалай айтады?!

Ол аз болса, жуырда тағы бір өте ұнамсыз, ерсі қылықтың куәсі болдым. Ауылдық жерде бір садақада, жиылған көптің ортасында отырған ақ жаулықты әжеміз сыртқа шыға бере, ерсілі-қарсылы жүгіріп жүрген жастардың көзінше, ер-азаматтардың қасына жайғасып алып, бұрындары қысты күні мұржалардан шығып, көкке тіке көтеріліп, ақша бұлтқа жалғасатын көгілдір түтіндей темекі түтінін будақтатпасы бар ма?! «Өзі ұялмаған, кісі бетін шиедей қылады» демекші, жанында отырған ағалар «Балаларды шошытасың ғой...» деп, аң-таң болып қараған біздерден қысылып қалды. Сонда, ол кісінің немерелері не күйде, нендей тәрбие алып өседі деген сұрақ мені қатты мазалайды. Мейлі, күйік қақсын, тағы бірдеңе болсын, бірақ, жастардың көзінше ондай «үлгі» көрсетпеуі керек емес пе?!

Жер бетіне жарық нұрын төгетін, айналаға нұрлы сәуле себетін көктегі күн секілді шуақ шашып, мейірлене қарайтын, сүйкімді сәбиін бар байлығына, бақытына балайтын, жүрегінің жылуын, тілегінің сұлуын, сөздерінің жақсысын, тағамының тәттісін баласына арнайтын абзал аналар-ай! Сіздердің осындай қадір-қасиеттеріңізді күйелеп, шірітіп жүрген құмалақтар бар-ау араларыңызда. Көптеген жасы келген әйел адамдардың шамадан тыс бүлініп, ерекше оғаш қылық танытатындары ұнамайды, ондай жандар ұл-қызына дұрыс тәрбие бере алар ма екен? Әй, қайдам, содан да болар біздің батысқа еліктеген есерсоқтарымыздың саны көбейіп отырғаны.

Ойланайық, «әжелер»! Ана деген киелі атқа кір келтірмей, ұрпақ тәрбиесіне мән берсеңіздер екен. Жаулық деген жаман нәрсе емес қой, неге тақпасқа? Бұрындары кимешек киген Зере, Айғаным, Ұлжандар сіздерден кем бе еді? Немесе сіздер олардан артықсыздар ма? Жарайды, кимешек кимей-ақ қойыңыздар, бірақ, шаш қиып, оны бояп, бүлінбей-ақ, орамал байлауға, жаулық тағуға болады ғой. «Ақ жаулықты әже бол» деп тілек айтып жатпай ма үлкендер? Былай қарағанда, ақ жаулық - әжелердің сәні емес пе? Бет-аузыңызды бояп, қанша сәнденіп, жалаңбас жүрсеңіз де, той-топырда жастармен бірге билеп, ойнап-күлсеңіз де, арақ-шарап ішіп, темекі шегіп жүрсеңіз де, оралмасқа кеткен қайран жастығыңызды қайтара алмайсыз. Ақылгөйсіп отырғаным жоқ, ол – өмір шындығы. Келген жасыңызды сыйлап, сол өмірлік жасыңыздың ерекшеліктеріне қарай киініп, жүріп-тұрған абзал емес пе, ағайын! Қазақ салтын, ұлтымыздың әдет-ғұрпын сақтап, жастарды жақсылыққа жетелеп, қазақы тәрбиелеп отырған аналарымыз аз емес. Сондай абзал жандардан үлгі алайық, жаулық жетпей жүрген жалаңбас «әжелер»!

Бұлбұл АЛЬПИЯРОВА.
http://www.munaily-astana.kz/
Категория: Мои файлы | Добавил: aqzhaulyq | Теги: архив
Просмотров: 20266 | Загрузок: 0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Конструктор сайтовuCoz